Русский Сайттың толық нұсқасы

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2023
  • 794

Астана-Ақтау бағыты бойынша 29 сәуір күні сағат 00:45-те рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды.

«КС7375 рейсінің уақыты Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 29.05.23 сағат 10:00 ұшуға жоспарланған. Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі», - делінген хабарламада.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша рейстің жолаушыларына тиісті жағдайлар жасалады.

«Біз ауа-райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейстерді уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз», - деп сендірді компанияның баспасөз қызметі.