Русский Сайттың толық нұсқасы

Мбаппе төртінші маусым қатарынан Францияның үздік футболшысы атанды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2023
  • 829

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе төртінші рет қатарынан Франция футбол біріншілігінің үздік ойыншысы атанды.

"ПСЖ" шабуылшысына 2022/23 жылғы маусымның үздік ойыншысы атағын Франция футбол құрамасының бас бапкері Дидье Дешам табыс етті. Мбаппе бұған дейін бұл сыйлықты 2019, 2021 және 2022 жылдары алған еді. Бұл жүлдеге Лионель Месси ("ПСЖ"), Джонатан Дэвид ("Лилль"), Секо Фофана және Лои Опенда (екеуі де "Ленстен") үміткер болды.