Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды, деп хабарлайды Аkorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді.
"Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды. Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар болғандықтан, мұның қажеті жоқ деп ойлаймын. Ядролық қаруға келсек, оның бізге керегі жоқ. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндетімізге берік боламыз".
Қазақстан президенті
Айта кетейік, бүгін президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Онда ол көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.