Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 30 мыңнан астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

Елімізде 30 мыңнан астам адам иммун тапшылығы вирусымен өмір сүруде. Оның 80 пайыздан астамы еңбекке қабілетті жаста. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды. Инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 7 өңірде жоғары. Атап айтсақ, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалаларында қауіпті вирус жұқтырғандар көп. Оны анықтау үшін үкіметтік емес 44 ұйым тартылған. Қалған өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс кейінгі жылдары бөлінбейді. «Ал бұл елдің эпидемиологиялық жағдайына ықпалын тигізеді» деді министр.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

2022 жылдың қорытындысы бойынша елде АИТВ-мен өмір сүретін 30 558 адам тұрады. Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. Бұл ретте еркектер (67,2%) әйелдерге (32,8%) қарағанда 2 есе көп анықталды. 82%-ы 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халыққа тиесілі. Жыныстық жолмен берілу басым. Ол 75%-ды құрайды. Одан кейін инъекциялық жолмен беріледі. Оның көлемі - 20%.