Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады. Мәжіліс Төрағасы Президентке 8-ші сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтты. Сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қазір Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.