Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада 2 жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға шықты

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2023
  • 2025

Қызылордалық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. Күмәнді сейілту үшін әйел ауруханаға барған.


"Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол - алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық", - дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.

Дәрігерлердің айтуынша, әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл - монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.

"Келесі күні біз 7 жастағы баланың асқазанынан батарейка алып шықтық, ал екіншісінен магнит", - деді дәрігер.