Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біреудің қайғысын күтіп отыратын заман". Ерке Есмахан ажырасып кетті дегендерге үн қатты

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2023
  • 1155

Танымал әнші Ерке Есмахан ажырасып кетті дегендерге жауап беріп, оқырмандарына үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, жолдасы Raim Америкаға жұмыспен барып келген.

"Біреудің бақытын емес, қайғысын күтіп отыратын заман, қоғам болды ғой! Жұмысымен Америкаға барып келгенге "бросил" деп жар салып, жаңалық жасап. Ұятсыздар! Қашан осы "он бросил, расстались, үйтті-бүйтті" деген жаңалық шығарамыз екен деп армандап күтіп жүрген қара ниетті адамдарға айтарым! Аллаға тапсырдық сендерді. Алла сабыр және мол бақыт берсін жолдасым екеумізге", - деп жазған әнші Желіде.