Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда 15 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2023
  • 848

 Петропавлда 15 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 31 мамырда сағат 15:15-те Петропавл полициясына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына бірден полицейлер барған. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері қайтыс болған қыз баланың жеке басын анықталды.

Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.