Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елорда жастары" бағдарламасымен өтініш қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2023
  • 1088

"Елорда жастары" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға жасы 35-ке дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлер қатыса алады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі мен "Отбасы банкі" 3 миллиард теңге бөлген. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысына жетеді.

Несие мөлшерлемесі 5% және ең жоғары сомасы 18 миллион теңге болады.

Өтініш qatysu.zhilfond.kz сайтында қабылданады. Бұл үшін электрон цифрлық қолтаңба керек. Үміткерлер балл жүйесімен іріктеледі.

"Қатысушы Астана қаласында кем дегенде кейінгі бір жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы қажет. Әрі жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауға тиіс. "Отбасы банкінде" сатып алатын баспана құнының 10 пайызы, яғни 1 млн 800 мың теңге алғашқы жарнасы бар депозиті болуы керек. Өз атында баспанасы бары бағдарламаға қатыса алмайды. Егер отбасында бірнеше мүгедек бар болса, онда оның әрбіріне балл есептеледі. 60 күннің ішінде пәтер алып үлгермесе, кезектегі баллы төмен адамға мүмкіндік беріледі," - Тұрғын үй қоры" КММ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Бекжан Сипат