Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда шұқырға құлаған әйел мен баланы құтқарған әскери қызметкер марапатталды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2016
  • 2410

Павлодарда асфальттың опырылған шұқырына құлаған әйел мен баланы құтқарған әскери қызметкер олардың халін білуге ауруханаға барды. Ануар Қаюмов төрт жасар Ульянаның денсаулығына алаңдаулы. Дәрігерлер, бүлдіршіннің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады. Оған бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы мен бұғанасы сынған деген диагноз қойылған. Қазір тиісті ем жүргізілуде. Ульяна әлі бір аптадай бақылауда болады.