Русский Сайттың толық нұсқасы

Аманаттықтар ерекше балаларды мерекемен құттықтады

«AMANAT» партиясы және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері елордадағы «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы ерекше балақайлармен кездесті. Партиялықтар оларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Аманаттықтар орталықтың жұмысымен және медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету сапасымен танысып, балалармен әңгімелесті.

Елнұр Бейсенбаев, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Әрқайсысының ойларында арманы, жүректерінде қойған мақсаттары, ата-аналарына деген махаббаттары бар балалар. Ерекше осындай балаларымыздың арманы да, осындай балаларымыздың діттеген мақсаттары Алланың қолдауымен, сіздер сияқты, біздер сияқты азаматтардың демеуімен орындала берсін.