Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада балаларды қорғау күніне орай елуден астам іс-шара өтті

Астанада балаларды қорғау күніне орай елуден астам іс-шара өтті. Бүлдіршіндер үшін орталық саябақта мастер-класстар мен конкурс және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 200 мыңға жуық бала мерекелік атмосфераны сезініп, мәз-мейрам болып тарқасты.

Бүгін елордадағы саябақтардан баланың күлкісі алыстан естіледі. Бүлдіршіндер түрлі шоу-бағдарламаларға куә болды. Тегін балмұздақ таратылып, танымдық ойындар ойнатылды.

Гүлфара САРАМБЕТОВА, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біз балалардың мерекесін ерекше атап өту үшін бар күшімізді салдық. Бала – біздің болашағымыз. Бүгін бүлдірщіндердің көңіл-күйі тамаша, бәрі шат-шадыман күйде. Олардың осы күннен барынша рахат алғанын қалаймыз. Өйткені, біздің балапандарымыз бұл күнді жыл сайын асыға күтеді.

Балаларға мерекелік атмосфераны сезіндіру үшін ата-аналар таңсәріден перзенттерін саябаққа әкелуге асықты. Өйткені, бұл күн бүлдіршіндерге тек көңіл-күй сыйлап қана қоймай, тың ақпараттармен де қанықтырады. Тұрғындар мейрам ерекше форматта ұйымдастырылған дейді.

Гүлназ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Атмосфера керемет болып тұр. Тұрғындар көп, барлық жерлерде тегін балмұздақ таратылып жатыр. Неше түрлі шарлар таратылып жатыр. Барлығы керемет өтіп жатқан сияқты. Балалар әрдайым күліп жүрсін. Дендері сау болсын, ешқандай бала ауырмасын.

Іс-шара аясында флористика, аквагрим, сурет салу және аспаздық өнер бойынша шеберлік сабақтар өтті. Робототехника бойынша жарыс, түрлі квесттер ұйымдастырылды. Мұнын барлығы балалардың таным көкжиегін кеңейткені анық.

Ерасыл ҒАЛИ, ОҚУШЫ:

Мен өзімнің сыныбым мен сынып жетекшіммен келдім. Ойын ойнадық, биледік. Мереке өте қызықты өтті.

Мерекелік шаралар әр мекемеде тойланып жатыр. Мектеп оқушалары флешмоб билеп, спорттық жарыстарға қатысуда. «Балалар игілігі үшін» республикалық акция аясыда бүлдіршіндерге сыйлықтар да таратылды.