Русский Сайттың толық нұсқасы

Ядролық қару Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2016
  • 1584

Ядролық қару бұдан былай Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық The Hill саяси басылымында шыққан мақаласынан үзінді. Мемлекет басшысы Қазақстан кез-келген мемлекетке тұрақты түрде ядролық отын жеткізіп тұруға дайын екенін айтады. Тек бір ғана шартпен. Ядролық отын бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс.

Қазақстанда құрылатын төмен байытылған уран банкі оны байытуға арналған бағасы қымбат қондырғыларға деген қажеттілікті мүлде жояды. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі геосаяси ахуалға тоқталып, жаппай қырып-жоятын қарудың қаупі жоғары екеніне әлемдік қауымдастықтың назарын аударды. «Сынақтарға тиым салу мәселені біржола шешпейді. Бірақ келісімнің күшіне енуі - әлемдегі ядролық қаруды жою жолындағы тағы бір елеулі қадам», - деді Қазақстан көшбасшысы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ