Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әйел күйеуінің киімін жууға міндетті емес": Альбина Шардарованың жан жары батыл мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2023
  • 1344

Танымал әнші Альбина Шардарованың жұбайы Бауыржан Сатов әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

"Ер адам мен әйел адам дін, білім болсын, біреуі оқып, біреуі бір орында қалып қойса, екеуінде әңгімелесетін тақырып қалмайды. "Әйел адам тек үйде отырып, тамақ істеуі керек, кір жууы керек" деп кім айтты? Тереңнен алатын болсақ, әйел адам күйеуінің кірін жууға да міндетті емес, негізінде. Міндетті емес. Бұл әркімнің өз қалауы. Күйеуінің разылығы әйелге маңызды. Бірақ кір жуу емес. Әйел адам үй жинауға да міндетті емес. Ер адам әйеліне көмектессе де болады. Міндет деген дүние жоқ. Қарым-қатынаста міндет деген сөзді алып тастау керек. Міндет деген нәрсе бар жерде сауда болады. Ерлі-зайыптылар міндет деген нәрсені алып тастау керек. Әйеліңе жақсылық жасап, содан ләззат алып үйрену керек", - деді Бауыржан Сатов.