Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕЛІМІЗДЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ПЕРУ ЛАЛАГҮЛІ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2023
  • 1990

Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген.

–Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді, – деді бағбан.

Жамилә Ыдырысова бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Оның жылыжайында 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы «альстромерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.