Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы трамвай депосының орнына әлеуметтік нысан салынады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2016
  • 1476

Алматыдағы трамвай депосының орнына халықтың игілігіне жарайтын нысан бой көтермек. Ол саябақ, дәмхана немесе  мұражай болуы мүмкін. «Үздік қоғамдық жобаны» қала жұртшылығы таңдайды. Бұл туралы «Алматы қаласын дамыту орталығының» директоры Наталья Ливинская айтты.

Тамыздың 2-нен бері мегаполис тұрғындары онлайн дауыс беруді бастап кеткен. Орталықтың сайтына жоба қатысушылары тарапынан 20-дан астам ұсыныс түсті.  Қазір ашық дауыс беру жүріп жатыр. Кей азаматтар ескі рельстерді қалдырып, саябақ жасау идеясын көтерді. Қаланы көркейту орталығының қызметкерлері де тарихтың бір белгісі ретінде трамвай депосының ізін қалдыру керек,- деп есептейді.

Өз жобаларын қала тұрғындарынан бөлек жергілікті сәулетшілер де ұсынды. Үздік жоба авторы атануға ниетті Италия, Ресей елдерінің шығармашылық топтары да бұл істен шет қалмады. Ал жеңімпаз жоба 17 қазанда белгілі болады.

Наталья Ливинская, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директоры:

Жобаның жан-жақты болуы маңызды. Оның  алдағы уақытта қаланың  дамуына тигізер үлесі зерттелетін болады. Онлайн дауыс берумен қатар жобаға халықаралық сарапшылар да баға беретін болады.

Айгүл ЕРМАХАН