Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2023
  • 997

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз", - деп жазылған жеделхатта.

Үндістанның Одиша штатында жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып, сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Қайғылы оқиға салдарынан құрбан болғандар саны қазірдің өзінде 207 адам болды, жараланғандар саны – 900.