Қайғылы оқиға 2 маусым күні кешкі уақытта "Айболит" саяжайында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 18:26-да "112" пультіне бала ойнап жүріп суға құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Ата-анасы қараусыз қалдырған.
Сүңгуірлер баланы іздеп, мәйітті жарты сағатан соң, сағат 19:05-те тауып, судан шығарды.
Мұндай жағдай облыста үшінші рет тіркеліп отыр. 27 мамырда екі бала Ырғыз өзенінде шомылып жүріп суға батып кеткен. Біріншісінің денесі сол күні, екіншісі 28 мамырға қараған түні табылды.