Русский Сайттың толық нұсқасы

Канело Альварестің келесі қарсыласы кім екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2023
  • 1205

Екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион мексикалық Сауль Канело Альварестің келесі қарсыласы Пуэрто-Рикодан шыққан америкалық Эдгар Берланга болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы, жеңіл салмақтағы ресейлік Дмитрий Биволдың (21-0, 11 КО) менеджері Вадим Корнилов айтты. Бұған дейін маман Канеломен реванш болмайтынын мәлімдеген.

Берланга WBC рейтингінде 10-шы орында, сонымен қатар IBF тізімінде үшінші және WBO нұсқасы бойынша бесінші орында.