Русский Сайттың толық нұсқасы

16 жастағы жасөспірім ММА-ден облыстық жарыста мерт болды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2023
  • 811

Ресейдің Амур облысында өткен ММА-ден жарыста бастан тиген соққыдан 16 жастағы спортшы мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жергілікті журналист Игорь Лазориннің айтуынша, турнир ережесі бойынша кәмелетке толмаған қатысушының бәрі бокстың ашық типтегі бас қорғаныштарын кию керек болған. Алайда төреші жасөспірімді қорғансыз қатыстыра берген. 

Басына тиген тепкіден жігіт есінен танып құлаған, одан кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. 

Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиға бойынша тексеріс бастады.