Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда полицей басына оқ тиіп, мерт болды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2023
  • 686

Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

"Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.