Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

Референдум арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Билік тармақтары бөлінді, депутаттардың рөлі күшейді. Билік пен бұқара арасы жақындай түсті. Бұл - жалпы халықтық референдумның нәтижесі. Содан бері бір жыл уақыт өтті. Елдегі оң өзгерістер туралы тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Өткен жылы еліміз үшін реформаға толы жыл болды. Соның ең ауқымдысы референдум еді. Онда Ата Заңның 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізу бастамасы көтерілді. Дауысқа қойылып, халықтың 77 пайыздан астамы қолдады. Содан кейін Президент сайлауы өтті. Парламент қайта жасақталды. Үкімет таратылып, министрлер кабинеті жаңарды. «Күшті Президент – ық¬палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы құрылды.

Серік БАСТЕМИЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Ең бірінші жаңа саяси күштер біздің Парламентімізге өтті. Мәжіліске және сенатымызға. Жалпы айтқанда, жаңа саяси жүйе құрылды. Қандай Президент болмасын Қазақстанның оның ағайын туыстары квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметтерге алынбауы тиіс. Осындай өзгерістер енгізілді.

Саяси реформадан кейінгі өзгерістерді тұрғындар да сезініп отыр. Олар нақты нәтиже барын айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Халықтың осы референдумды қолдап 77 пайыз дауыс бергені бүгінгі күні соның нәтиіжесі көрініп жатыр. Өйткені елде қаншама өзгерістер болып жатыр.Мынау сыртқа кеткен миллиардтаған қаржылар елге келіп жатыр.

- Көптеген өзгерістер байқап жатырмыз. Әсіресе мына билік тарапынан.Қарапаймы халықпен жұмыс жасауы, қарым-қатынасы әлдеқалай жақсарған. Ойларын ашық жеткізе алады қарапайым халық.

- Жаңа қазақстан-жаңа мемлекет. Жалпы бір жылда өзгерістер де байқалады ғой. Қазіргі таңда еліміз еститін мемлекетке айналды. Халыққа кішкене қолдарына билік бергендей болды.Өздері таңдайды. Кімді көргісі келеді билікте дегендей.

Ата заңға енгізілген өзгерістер, саяси реформаларға түрткі болды дейді,-саясаттанушы Дәурен Базаров. Ол референдумның нәтижесін қысқа уақыт ішінде байқап отырмыз дейді.

Дәурен БАЗАРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жергілікті басқарушы органдардың да жұмысында бірқатар өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар өздеріңізгеде белгілі, қоғам тапынан да өзгерістер, яғни партиялардың да жұмысында бірқатар өзгерістер орын алды.

Енгізілген өзгерістер нәтижесінде Конституциялық сот жүйесі құрылды. Сондай-ақ, ел ішінде әртүрлі дауға себеп болып жүрген жер мәселесі бойынша да нүкте қойылды.

Ата заңнның 6-бабына «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деген жаңа бап енгізілді. Бұл жердің иесі де, киесі осы елдің азаматтарының қолында екенін көрсетеді.