Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан президенттігіне төрт үміткерді тіркеп, 7 маусымнан бастап сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстанда президент сайлауы 9 шілдеде өтеді, деп жазды Газета.uz басылымы.
Тіркелген үміткерлер:
Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Иноятов;
Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы – Либералдық-демократиялық партиядан (УзЛиДеП) – Шавкат Мирзиёев;
"Адолат" социал-демократиялық партиясынан – Робахон Махмудова;
Экологиялық партиядан – Абдушүкүр Хамзаев.
"Миллий тикланиш" партиясы кандидат ұсынбады, бірақ УзЛиДеП партиясынан Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасын қолдады.
31 мамыр мен 2 маусым аралығында ОСК сараптамалық топтары партиялар ұсынған кандидаттарды қолдауға арналған қол қою парақтарын тексерді.