Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 954

Атырауда қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзуға қатысты 100-ден астам дерек анықталған.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен мүгедек адамдардың жеке көмекшілерінің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмегені, 69 көмекшінің басқа мекемелерде жұмыс істегені, қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.
Бұдан бөлек, Атырау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуына қатысты талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік нысандар да анықталып отыр. Осыған байланысты бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.