Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында жағалауда қараусыз қалған жасөспірім суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 844

Абай облысы Бесқарағай ауданында жағалауда қараусыз қалған жасөспірім қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 5 маусым күні Бескарағай ауданындағы Стеклянка ауылында болған.

«Құтқарушыларға Ертіс өзенінде жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабар түсті.
Оқиға орнына құтқару бөлімшесінің қызметкерлері дереу шықты. Куәгерлердің айтуынша, 15 жастағы қыз өзеннің арнайы жабдықталмаған учаскесінде ересектердің қарауынсыз қалған. Шомылып жүрген ол кенет суға батып кеткен», - делінген ақпаратта.

2 сағат іздестіру шараларын жүргізген құтқарушылар судан қыздың денесін тауып, алып шықты.