Русский Сайттың толық нұсқасы

Рим Папасы ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 1090

Рим Папасы Франциск I ауруханаға түсті. 86 жастағы Рим-католик шіркеуінің басшысы Италиядағы емханалардың біріне жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ansa агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, 86 жастағы Рим Папасының дене қызуы көтеріліп кеткен. Сол себепті Италиядағы емханалардың біріне жатқызылған. Сол жерде толық ем-шарадан өтеді.

Айта кетейік, I Францисктің денсаулығы біраз уақыт бұрын сыр бере бастаған. 2021 жылдың жазында ішек операциясын жасатты. Кейіннен толық емделіп шыққанын мәлімдеген. Бірақ аяғынан жарақат алып, тағы ауруханаға жатып шыққанын БАҚ жарыса жазуда.

Италиялық ақпарат агенттіктерінің айтуынша, Рим Папасы дене қызуының көтерілуіне байланысты қабылдау шараларын кейінге қалдырған.