Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын «элиталық эскортшылар» желісінің ұйымдастырушысы ұсталды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2023
  • 1290

Алматыда жезөкшелер желісінің ұйымдастырушысы ұсталды. Модельдік келбеті бар қыздар қалталы ер адамдар үшін интимдік қызмет көрсететін кештер өткізген. Бұл әрекеттері жабық әлеуметтік желі арқылы жүзеге асқан. Желі әкімшісі 25 жастағы алматылық блогер болып шықты. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Сылқымдарға «демеуші» тауып, ертегідегідей өмір сыйлаймын деп уәде беріпті. Жабық топқа кіру құны - 300 АҚШ доллар. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ін өзіне алып отырған. Оның 2022 жылғы қаражат айналымы 209 млн теңгеден асқаны анықталды. Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жылжымайтын мүлік құжаттары, қымбат автокөліктер мен синтетикалық есірткі тәркіленді.

Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Прокуратураның келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабымен «Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық», сондай-ақ 297-ші «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды. Ол мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.