100 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы Джим Хайнс қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұрынғы спортшы 77 жасында көз жұмған. Джим Хайнс 100 метр қашықтықты он секундтан аз уақыт ішінде жүгіріп өткен алғашқы жеңіп атлет. Ол 1968 жылы өткен Олимпиада ойындарында 100 метрді 9,95 секундта жүгіріп өтіп, алтын медаль иегері атанған еді. Хайнс орнатқан әлемдік рекорд 15 жылға жуық уақыт бұзылған жоқ.
Қазіргі таңда бұл қашықтықтағы рекорд ямайкалық спринтер Усейн Болтқа тиесілі. Оның көрсеткіші - 9,58 секунд. Джим Хайнс 1968 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетадан тағы бір алтын иеленген.