Русский Сайттың толық нұсқасы

"Науқан тоқтады": Әбдіжаппар Әлқожа тойына тегін шақыратын туыстарына өкпесін айтты

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2023
  • 1563

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа тойына тегін шақыратын таныстары мен туыстарына ренішін айтты. Өнер иесі жақындарының тойына тегін шықпайтынын Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дос, бауыр, құда-жекжат, ағайындар! Мені тойға өтінішпен шақырмай-ақ қойыңыздаршы. Таза гонорарға шақыратын болсаңыз, көмекшіме хабарласыңыз. Таныс арқылы "өтініш еді" деген тойларыңызға рахмет! Тойсыз-ақ, жігітше араласайық. Маған ешкімнің міндеті жоқ. Бәрін өзім Алланың қалауымен істеп жүрмін. Таныстың тойы деген науқан тоқтады", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.