Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2023
  • 608

Атырау облысы Жылыой ауданында із-түссіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері 23 мамырда 37 жастағы шопан қыстаудан шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Бір апта іздеу жұмыстарынан кейін ер адам Құлсарыдан 40 шақырымдай жердегі Адай қорымының маңында өлі табылған. 

Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.