Русский Сайттың толық нұсқасы

«АҚШ Қазақстанға тікелей инвестиция салуда көшбасшы елдердің қатарында», – СІМ

АҚШ Қазақстанға тікелей инвестиция салуда көшбасшы елдердің қатарында. Бұл туралы АҚШ-пен ынтымақтастықты одан ары дамыту жөніндегі инвестициялық дөңгелек үстел отырысында айтылды. Жиында екі ел арасындағы инвестициялық мәселелер талқыланды.

Қазақстан өзінің инвестициялық тартымдылығын одан әрі жақсартуға ниетті. Біздің заңнамалық базамыз осы бағытта үнемі жетілдірілуде. Нәтижесінде шетелдік инвестиция тарту рекодтық көрсеткішке жетті. Яғни 28 миллиард долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Сонымен қатар, Қазақстан Халықаралық инвестициялық стандарттарға адал деді, - Ұлттық экономика министрі. Оның пікірінше, бұл өзімізді еліміздің дамуына инвестиция салуға дайын адамдар үшін сенімді сауда-экономикалық серіктес санауға мүмкіндік береді. Әлібек Қуантыров Батыс серіктестерінің қайталама санкцияларға қатысты алаңдаушылығына жауап берді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Қазақстан Үкіметі санкциялық тәуекелдердің ықтимал әсерін азайту және олардың экономикамыз үшін жағымсыз салдарын барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдауда. Біз санкция режимін сақтау және елімізді санкциялардан жалтару аумағы ретінде пайдалануға жол бермеу үшін экспорт пен қаржылық операцияларды бақылау жүйесін нығайттық.

Шетелдік ірі инвестоларға еліміз барынша ашықтық танытады. Қазірдің өзінде Google, Microsoft, Boeing, Apple, Shevron - олардың барлығы қазақстандық нарыққа қызығушылық танытып отыр.

Дженнифер МИЕЛ, АҚШ САУДА ПАЛАТАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКА ІСКЕРЛІК КЕҢСЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір қарастырылып жатқан бірқатар келісімдер бар және біз оларды толығымен жүзеге асырғымыз келеді. Американдық тарап ауыл шаруашылығына қызығушылық танытады, сонымен қатар IT саласында бірнеше ықтимал келісімшарттар бар. АҚШ компаниялары мұнда дамып, экономикаңызды дамытуға көмектесу үшін Орталық Азияға белсенді қарайды.

Айта кетейік, АҚШ бүгінде Қазақстанның ірі инветорларының бірі. Өткен жылы арадағы алыс-беріс екі есеге артып, 5,1 млрд доллардан асып түскен.