Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде 29 адам сусыннан уланып өлді

Ресейде 29 адам сусыннан уланып өлді. Тағы төрт адамның жағдай ауыр. Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Сидр алкоголін біздің елде сатуға тыйым салды.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ:

«Мистер Сидр» алкоголі аз сусынынан улану және адам өлімі жағдайлары туралы БАҚ-та таралып жатқан ақпаратқа байланысты импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жай анықталғанға дейін бұл өнімді сатылымнан уақытша алып тастауға байланысты аумақтық департаменттерге тапсырма берді.