Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Астана қаласының әкіміне су мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке су мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды. Сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауды жүктеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.