Русский Сайттың толық нұсқасы

Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгеге алған шапанын көрсетті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2023
  • 475

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгеге алған шапанын көрсетті. Өнер иесі бұл жайлы "Түнгі студия" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл дизайнер ағамыз тіккен шапан. Дизайнердің киімдерін подиумға шығарып жатқанын әлеуметтік желі арқылы көріп қалдым. "Сатылады ма?" деп сұрасам, "Иә, сатылады. Димаш Құдайбергеннің администраторы осы шапанды алатынын айтып қойып еді" деді. Димаш дегеннен кейін қызығушылығым артып кетті. Бағасын сұрап едім, 500 мың теңге деді. Жарты ақшасын салып жібердім де, "Димашқа табылатын шығар. Ол кісіге көп қой, көңілім ауды алайыншы" деп, сатып алдым", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.