Ғалымдар зерттеу нәтижесінде адамның тәттіге деген құмарлығы оның ойлау қабілетіне кері әсер ететінін дәлелдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ mir24.tv телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Француз ғалымдарының айтуынша, адамның тамақтануы мидың саулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан көбінесе тазартылған көмірсуларды тұтыну адамның когнитивті қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ғалымдар мұндай пайымға зерттеу барысында келген. Зерттеушілер 20 мен 30 жас аралығындағы дені сау 95 сау адамның (48 әйел мен 47 ер адам) ойлау қабілеті мен құрамында қанты бар тағамның өзара байланысын зерттеген. Эксперимент тазартылған көмірсулардың екі жыныстағы адамдардың да ақыл-ой қабілетіне теріс әсер ететінін көрсеткен. Ғалымдар әсіресе, тәтті тоқаштар мен десерттерді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зияны тигізетінін атап өтті.