Қызылжарда дүлей дауыл соқты. 13 қосалқы электр станциясы істен шықты. Қатты нөсер жауып, желдің екпіні күшейді. Көше бойындағы және аула ішіндегі 24 ағаш сынып, жерге құлаған. Ал жаңбырдың салдарынан екі көпқабатты үйдің кіреберісін су басты.
Әкімдік қарамағындағы апатты жою қызметі күшейтілген режимге көшті. Бүгінде қаланың бірнеше ауданы әлі жарықсыз отыр.
Эльмира СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Кешкі тоғыздан таңғы сегізге дейін ай көмек орталығына 215 өтініш келіп түскен. Олардың 90 пайызы жарықтың сөнуіне байланысты. Кешегі күні 13 қосалқы станцияда жарық сөндірілді. Қаланың басым бөлігін жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары бірнеше сағатта жүргізілді. Жұмыс түні бойы жүргізілді. Және әлі де жалғасуда.