Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай тұрғыны колледж студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан

Қостанайда студент қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 39 жастағы тұрғын анықталды. Жеңгетай әлеуметтік желілер мен мессенджер арқылы колледж жастарын жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныс жасаған көрінеді. Кейін қыздарды интимдік қызмет көрсетумен айналысуға көндірген. Бойжеткендерді жеке күзетпен, жалдамалы пәтердегі клиенттерге жеткізуді қамтамасыз еткен. Он шақты қызды жезөкшелікке салған. Полицейлер тінту барысында түрлі телефондар мен 5 миллион теңге, 8 мың ресей рублін тәркіледі. «Жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.