Енді көру қабілетінен айырылған балалар өзге балалармен бірге мектеп пен балабақшаға бара алады. Бұл бастама «Әлемді ашамыз» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Ал білім ордалары бұл өзгеріске дайын ба? Толығырақ әріптесім Сүндет Оралбеков тарқатсын.
«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры «Әлемді ашамыз» жобасы аясында көру қабілетінен айырылған балаларға арналған бірқатар игі бастамалар көтеруде. Соның бірі- зағип балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыру. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы білім ордалары бар. Алайда, бұл жоба арқылы бала үйіне жақын, өзіне ұнаған мектепке баруға мүмкіндік алады. Жауаптылар мұғалімдер бұл арқылы баланың ерекшелігін байқай алады дейді.
Әлия ҚАҒБАТ, «ДАРА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ:
Аталған мекемелерде, сыныптарда, топтарда арнайы құрылғылар, материялдық базаны қамтамасыз еттік. Сондай-ақ осы мекемелерде арнайы психологиялық, педогогикалық қызметтер жасайды. Осындай балаларды қорғау, демеу үшін және ортаға енгізу үшін осындай қызметтер жасайды. Сол қызметтерге методикалық базаны бердік және мұғалімдерін, педагогтарын үйреттік.
«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы әлеуметтік маңызы бар жобаларға, соның ішінде ауылдық жерлердегі жобаларға үлкен қолдау көрсетеді. Компания әлемдік рекордшы және қазақ палуандарының дәстүрін жалғастырушы Сергей Цырульниковтың бастамасымен қолға алынған «100 ауыл» жобасын қаржыландырды. Жоба спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған. Ұйымдастырушылар ауыл жастарымен тәрбие жұмысын жүргізіп, балаларды қазақ спортының тарихымен таныстырады.
Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, РЕКОРДШЫ:
Конструктор классына шахмат ойнау алаңы, ата-бабадан мирас болған тоғызқұмалақ, үшінші мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы алаңдар кіреді. Бұл жоба елімізге өте керек. Мысалы, бүкіл Қазақстанда 100-ге жуық осындай класс ашсақ, 50000-ға жуық бала қамтылады. Осылайша, спортқа жаны құмар жастар көбейеді.
Осы бағдарламаның арқасында 100-ден астам ауыл мектебі спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 мыңнан астам бала қамтылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға оң бағасын берді.