Русский Сайттың толық нұсқасы

5 маусым күні орын алған лаңкестік оқиғаны тергеу аяқталды, іс сотқа жолданды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2016
  • 2248

Ақтөбеде 5 маусым күні орын алған лаңкестік оқиғаны тергеу аяқталды. Қазір іс сотқа жолданған. Бұл туралы  Ақтөбе облыстық прокуратурасы хабарлады. 29 азамат Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру", "қарақшылық", "лаңкестік" және тағы басқа бірнеше бабы бойынша айыпталған.

Құзырлы орган өкілінің айтуынша, күдіктілер қолды қылған қару-жарақтар түгел тәркіленді. 200-ден астам сараптама жүргізіліп, бұлтартпас дәйектер жиналған. Дайындалып жатқан қылмыс туралы хабар бермегендер де сот алдында жауап бермек.

Еске салайық, маусым айында Ақтөбенің қақ ортасындағы қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге бір топ қылмыскер шабуыл жасаған болатын. Лаңкестік әрекет салдарынан 7 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алды. Арнайы операция барысында 18 қылмыскердің көзі жойылып, қарулы шабуыл жасаған 9 күдікті қолға түсті. 

Мансұр ЕСҚОЖИН