Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы орман өрті: Үш ауылдың тұрғындары үйлерінен үдере көшті

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2023
  • 1151

Абай облысындағы орман өрті 2000 гектар аумақты шарпыды. Бүгінгі таңда аймақтағы үш ауылдың тұрғындары үйлерінен кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өртпен күресу үшін ТЖМ-нің 300 қызметкері мен 70 бірлік техника, орман шаруашылығы комитеті мен қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылған.

"4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің үкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М. Күлдіков жіберілді", – делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.