Русский Сайттың толық нұсқасы

Египетте акула ер адамды жеп қойды: Оқиғаның жантүршігерлік видеосы желіде тарады

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2023
  • 1385

Египеттің Хургада қаласында акула ер адамға шабуыл жасады. Оқиға Dream Beach қонақ үйі маңындағы жағалаудан 30 метр жерде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан ер адамның жүзіп қашпақ болғанын байқауға болады. Алайда акула оны су астына тартқан. Ал жергілікті тұрғындар қайықпен келіп, көмектескенше барлығы кеш болған дейді.

Мәлім болғандай ер адамның жанында тағы бір қыз болған. Ол аман қалды. Бір адамның көз жұмғанын Ресей елшілігі растады.

"Осы жағдайға байланысты Ресей азаматтарын суға түскенде Египет билігі жариялаған тыйымдарды сақтауға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Марқұм 23 жастағы Архангельск тумасы екен. Бірнеше ай бұрын әкесімен бірге Хургадаға көшіп келген.

Бұған дейін де Египетте акула шабуылы тіркелген. 2022 жылдың жазында Румыния мен Австрия азаматтары көз жұмған.