Оңтүстік
Қазақстанда білім саласын бақылау департаменті бес мектептің ісін сотқа
жолдады. Білім ошақтары мемлекеттік аттестациядан екі рет өте алмаған. Ал
кестеге сәйкес кыркүйек айында 216 мектептің 92-сі тоғыз айдың қорытындысы бойынша стандарт талаптарына
сәйкес емес деп танылған. Яғни 43 пайызы оқу жетістіктері жағынан белгіленген
шекті деңгейді жинай алмады. Олардың бірқатары мектеп пен балабақша және
колледждер. Өңірде 1029 мектеп болса, 90-нан астамы колледж, 1500-ден аса
балабақша жұмыс істейді. Аттестациялаудан сүрінгендердің қатарында түркістандықтар да бар.
Гаухар
Бекбергенова, ОҚО білім саласын бақылау департаменті басшысының міндетін
атқарушы:
Қыркүйек
айында 12 мектепте аттестаттау жүргізілді. Соның 8-і аттестаттаудың теріс
нәтижесін алса, төртеуі ғана сәйкес болып танылды. Міне бұл жердегі негізгі
кемшіліктер - кадрларды өте көп қабылдаған.
Білім сапасының төмендігі оқу жетістігінің, міне осындай стандарттың
орындалмауы бағытындағы жұмыстардың нәтижесінен теріс баға алып отыр.
Келеңсіздіктер
мұнымен шектелмейді. Аймақта екі бірдей колледж директорының қатысуымен пара
ұсыну дерегі тіркелген. Бармақ басты, көз қысты әрекет мектептерде де тіркелуде.
Мақсұт Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
СЖҚІҚ агенттігі ұлттық бюросының ОҚО бойынша департамент бастығы:
Жаппай
ақша жинау, сағаттарын көтеру, жұмысқа алу. Көпшілік деректерді, алысқа бармаяқ
қояйын, міне қараңыз, 26 тамыз күні, сол оқу жылы басталардан үш-ақ күн бұрын, Ордабасы ауданында білім
бөліміне қарасты Тәукехан атындағы
мектептің директоры 200 мың теңгені әкесінен қызын жұмысқа тұрғызамын деп алып
отыр. Қазір бүгінгі таңда іс сотқа кетті.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ