Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2023
  • 764

 Созақ ауданы Таукент ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған 5 жасар бала терезеден құлап кетіп, мерт болды. 

Оқиға кезінде баланың ата-анасы жұмыста, ал үйінде 8 жасар әпкесі болған.

Оқиға орнына ТЖД 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы шықты.

 «Балаларды қараусыз немесе қариялар мен балалардың бақылауында қалдырмаңыз, терезелерді, балкондарды ашық тастамаңыз. Балаңызға терезелердің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Терезеге бекіткіштер орнату керектігін ескертеміз!» - делінген Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.