Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өндірістік сауда-логистикалық кешені салынады. Астана халықаралық форумында бірлескен келісімге қол қойылды. Ал «Самұрық-Қазына» мен қытайлық компания Жамбыл облысында жел электр стансасын салуға уағдаласты. Іс-шараның екінші күнінде тағы қандай өзекті мәселелер көтерілді? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.
Халықаралық форумның екінші күнінде отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру мен экономика және дезинформация тақырыбына қатысты пікірлері талданып, тұщымды ойлары ортаға салынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік инвесторларды Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерімен таныстырды.
Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:
Ешбір әлеуметтік құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Мұның бәрі заңды, цифрлық құжаттардың құқықтық мәртебесі бекітілген. Мәселен, өз басым Қазақстан аумағында жүргенде қалтама әмиян салмаймын. Тек ұялы телефонды ғана пайдаланамын. Кез келген Қазақстан азаматынан сұраңыз, олардың көбісі қағаз құжаттың түпнұсқасын немесе банк картасын және басқа да куәлікті өзімін бірге алып жүрмейді.
Сессия барысында жасанды интелект бойынша да терең талқылау жүргізілді. Шетелдік спикерлер қарапайым жұрт креативті ойлануы қажет деді.
Александр СУХАРЕВСКИЙ, ДЕЛЕГАТ:
Біз жасанды интелектпен қалай күресеміз. Техналогия арқылы ма, жоқ. Бізге креативтілік қажет. Себебі жасанды интелекттіңде қолынан келе бермейтін дүниелер көп. Сондықтанда бізге ойлану қажет. Себебі қазіргі дәуір креативті адамдардың заманы.
Сондай-ақ, форумда жалған ақпаратпен күрес мәселесі де қозғалды. Спикерлер ол атом бомбасы сияқты алып күшке ие деді. Себебі фейк жаңалықтардың салдарынан елдер арасында соғыс болып жатқанын да көз көріп отырғанын айтты. Сарапшылардың пікірінше, жалған ақпарат әсіресе пандемия кезінде белең алған. Ол үшін қазір әлеуметтік желі таптырмас қаруға айналып отыр деді. Сондықтанда сессияға қатысқандар жалған ақпарат таратқандарды қатаң жазаға тарту қажет деп пікір білдірді. Тағы бір өзекті мәселе ол геосаяси шиеленістердің жаһандық дамуға әсері туралы болды. Онда спикерлер барлық сын-қатерлер бойынша талқылау жүргізді. Олар мұндай сәтте бірігу маңызды деді.
Лассина ЗЕРБО, ДЕЛЕГАТ:
БҰҰ мен халықаралық ұйымдар түсініп, басқаларға өз пікірлері мен шешуші ойларын айтуға мүмкіндік беруі керек - біз көршілеріміздің мүдделерін ескеруіміз керек. Әйтпесе, біз ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Нәтижесінде, ірі елдер өздері қалаған нәрсені жасайды, ал кішкентайлар қажет нәрсені істеуі керек. Егер Қауіпсіздік Кеңесі белгілі бір реформалар жүргізбесе, онда көпжақты ынтымақтастық табысқа жете алмайды.
Шетелден келген қонақтар форумға жоғары бағасын беріп, сарапшыларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Бірегей шара Орталық Азияның әлемдегі рөлін анықтауға септігін тигізіп, бұл аймақтың маңыздылығын одан сайын арттыра түсетініне сенім білдірді. Форум аясында бірқатар елдер Қазақстанмен серіктестік жасауға ниетті екендерін айтты. Қазірдің өзінде Әзірбайжан, Қырғызстан, Франция мен Қатардан келген ресми өкілдер өзара ынтамақтастықты дамыту бойынша келісімге келді.