Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде күзет мекемесінің қызметкерлерін бухгалтер мен кадр бөлімінің маманы тонап келген

Ақтөбеде Мамандырылған күзет қызметінің мамандары ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Аудиторлық тексеріс кезінде мекеменің бухгалтері мен кадр бөлімінің маманы әріптестерінің сыйақылары мен еңбек демалысының ақыларын төлемегені анықталған. Қомақты қаражатты қолды қылғандар ұсталып, қамауға алынды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Лауазымды тұлғалар қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

https://youtu.be/fGjZNHuzQco