Абай облысындағы өрттен 3 орманшы қайтыс болды. Тағы 11 қызметкер іздестірілуде. Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды. Өрт шарпыған аумақ 30 мың гектарға жеткен. Алдын ала болжам бойынша, от найзағайдың 2 рет соғуынан тұтанған. Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төнгендіктен, тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды. Өңірде төтенше жағдай жарияланды.