Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұра топтық су құбырын жөндеу мәселесі қашан шешіледі?

Елорда маңында орналасқан отызға жуық елдімекен сусыз отыр. Тіпті Егіндікөл, Атбасар, Қорғалжын аудандарының халқы көлдің суын тұтынуға мәжбүр. Мәжілісте өткен комитет отырысында Нұра топтық су құбырын жөндеу мәселесі талқыланды. Пайдалануға берілгеніне 45 жыл болған 336 шақырымдық құбыр әбден тозған. Оның 34 шақырымы тез арада жөндеуді қажет етеді. Төтенше жағдай жарияланды. 20 маусымға дейін су құбырының барлық құжаты аяқталып, Индустрия және инфрақұрылым министрлігі сараптама жүргізеді. Норматив бойынша 45 күн қаралу керек құжатты депутаттар бір апта ішінде аяқтауды талап етіп отыр. Одан соң ғана Қаржы министрлігі ақша бөледі. Осы мәселені кем дегенде бір ай ішінде шешуіміз керек деген халық қалаулылары, жауаптыларға тамыз айында нақты құрылыс жұмыстарын бастау керектігін айтты.

Серік ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

3-4 жылдан бері үлкен су құбырының жұмысының тоқтауына байланысты 30-ға жуық елді-мекендер сусыз қалып отыр. Жаңа үлкен жиналысты өткіздік біз. Оның негізгі құзырына кіретін ол экология министрлігі, ол әкімшілікке қарамайды өкінішке орай, сондықтан олар көмек сұрады. Парламент депутаттарынан, жеке спикерден көмек сұрады. Сондықтан, Ерлан Жақанұлы тапсырма берді. Тапсырманың аясында осы мәселенің шешу жолдарын іздедік.