Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы орман өртінен үш адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2023
  • 644

Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

«Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр», - делінген мәліметте.