Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2023
  • 780

Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Елена Рыбакина 4-тен үшінші орынға көтерілді. Бұл – рекордтық нәтиже. Осыған дейін қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте мұндай сатыға көтерілген емес.

Е.Рыбакинаның алдында Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко тұр.

Сондай-ақ Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула үздік үштікте тұрса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 25-тен 24-ке шықты.