Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанның білім басқармасының экс-басшысы өзеннен өлі табылды - БАҚ

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2023
  • 989

Талдықорғанның білім басқармасының экс-басшысы Роза Барманова өзеннен өлі табылды. Бұл туралы бірнеше БАҚ хабарлады. Алайда жергілікті Полиция департаменті өкілдері ол нақты Барманова емес пе, әлде жоқ па сараптама арқылы анықталатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Бұл факт тиісті тексеруді ұйымдастырумен қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша өлімнің себебі анықталады", - дейді Жетісу облыстық ПД өкілдері.